Әуеде тікұшақ пен жеңіл моторлы ұшақ соқтығысып, үш адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мэриленд штатында Фредерик қаласы әуежайы маңында оқу-жаттығу тіқұшағы мен жеңіл моторлы ұшақ соқтығысып қалды.

Жергілікті полиция басқармасы өкілінің хабарлауынша, апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екеуі жарақаттанды.

Әуеде соқтығысқаннан кейін ұшақ ағаш бұтақтарына ілініп қалған, ал тікұшақ жерге құлаған.