"Ұшақ "Рощино" (Түмен) әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Ешкім зардап шеккен жоқ", - деп хабарлаған дереккөз.
Бұдан бұрын әуежайдан Жаңа Уренгойға бет алған Boeing-737 ұшағы ұшып шыққаннан кейін ұшу-қону жолағынан шассидің оң жақ доңғалағы табылған. Ол екпін алу кезінде түсіп қалған болуы мүмкін. Осыдан соң рейсті қайтарып, ұшақты әуежайға қайта қондыру туралы шешімі қабылданды.
Бортта 180-нен астам жолаушы болған.