Әуесқой бокс федерациясы басшысыз қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - AIBA басшысы Ву қызметінен шеттетілді, деп жазады korrespondent.net.

Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) президенті Чинг-Куо Ву тәртіптік комиссияның ықпалымен ұйымды басқару ісінен шеттетілді.

Осыған байланысты жуырда Лозаннада өтетін AIBA атқару комиссиясының мәжілісінде уақытша комиссия құрылмақ. Аталған комиссия қаңтар айында Дубайда өтетін AIBA ұйымның кезектен тыс конгресіне дейін ұйымға жетекшілік ететін болады.