Әуесқой бокстан 2013 жылғы әлем чемпионаты Астанада өтеді - АИБА Президенті

ТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) Атқару комитетінің мүшелері 2013 жылы Астанада бокстан әлем чемпионатын өткізу туралы Қазақстан тапсырысын қанағаттандырды. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында АИБА президенті Чинг-Куо Ву мәлім етті.

«Кеше Атқару комитетіне қазақстандық Бокс федерациясынан 2013 жылы әуесқой бокстан кезекті АИБА бүкіләлемдік чемпионатын Астанада өткізу туралы ресми өтініш келіп түскен болатын. Осынау дүбірлі доданы өткізу туралы қазақстандық тараптың барлық әзірлік бағдарламалары мен жоспарлары тыңдалды. Соның қорытындысына орай, Атқару комитеті бір ауыздан Астанаға аталған чемпионатты өткізуге мүмкіндік беру туралы дауыс берді», - деді Чинг-Куо Ву.