Чемпионатқа 9 команда қатысып жатыр. Матчтар Алматы қаласы, ЦСКА стадионында өтіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр әуесқой командалар арасындағы ел чемпионатын «Ақбет» командасы (Павлодар облысы) жеңіп алды.
2024 жылғы маусымның қатысушылары:
1. FC BKS (Алматы қ.)
2. ФК «Водник» (Алматы облысы)
3. ФК «КазБАД» (Алматы облысы)
4. ФК «Абай» (Астана қ.)
5. ФК «Фьюжин» (Батыс Қазақстан облысы)
6. ФК «Арал» (Қызылорда облысы)
7. ФК «Нардос» (Павлодар қ.)
8. FC KSK (Қостанай қ.)
9. МООФК «Достар» (Тараз қ.)
Матчтар тікелей эфирде ҚФФ YouTube арнасында көрсетіледі.
Бұған дейін «Астана» ФК өзінің футбол академиясы мен инфрақұрылымына ие емес екенін жазған болатынбыз.