Әуез Елубаев бильярдтан Татарстан Президентінің кубогы үшін өтіп жатқан халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды

АЛМАТЫ. 18 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазан қаласында 16-17 ақпан күндері бильярдтың «Еркін пирамида» түрінен Татарстан Президентінің кубогы үшін ерлер арасында халықаралық турнир өтті.

 Онда Ресейден -6 , Қазақстан мен Украинадан үш-үштен, АҚШ, Беларус және  Қырғызстаннан бір-бір спортшы арнайы шақырту бойынша қатысқан болатын.  Онда ресейлік Сергей Горысловец (7:4) пен   Илья Киричковты (7:3) ұтқан семейлік Әуез Елубав жартылай финалда Ярослов Винокурға 5:7 есебімен ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтты. Ол қарсыласын 5:1 есебімен ұтып тұрып, соңғы партияларда босаңдық танытып алды. Атап айтқанда 11 партияға созылған бұл ойын 8-6, 8-2, 8-1, 0-8, 8-3, 8-4, 6-8, 6-8, 1-8, 4-8, 4-8  есебімен аяқталды. Ал ақтық сында одессалық Ярослов Винокур Харьковтен келген өз отандасы Александр Паламарьмен кездесіп 7:2 есебімен басым түсті. Александр жартылай финалда Ресейдің Қазан қаласының тумасы Эйнар Замаллевті де 7:2 есебімен ұтқан болатын. Жарыс қорытындысында турнир жеңімпазы Я. Винокур Татарстан Президенті кубогы мен 11 500 АҚШ доллары көлеміндегі қаржылай сыйлыққа ие болды. Ал А. Паламар   8 500 доллар, 3-4 орын алған Әуез Елубаев пен Эйнар Замаллев  6 мыңнан, ал 5-15  орындарды өзара бөліскен  Руслан Чинахов,  Юрий Пащинский (Ресей), Қаныбек Сағынбаев (Қырғызстан), Илья Киричков (Ресей), Ярослав Тарновецкий (Украина), Қаныбек    Сағындықов (Қазақстан), Никита Ливада, Сергей Горысловец (Ресей), Ернар Шымбаев (Қазақстан), Евгений Курта ( Белорус), Джонс Дитер (АҚШ)  1500 доллардан алды.