Әуежай қызметкерлері қателесіп, Мәскеуге ұшатын жолаушыны Стамбұлға салып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ош әуежайының директоры Абдинаби Алиев өз таныстарының қатарынан біліксіз қызметкерлерді жұмысқа алып, салдарынан 60 жастағы әйел Мәскеудің орнына Стамбұлға ұшқан.

Бұл туралы әуежай қауіпсіздік қызметінің бастығы Данил Токтогонов баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.

«3 сәуірде Мәскеуге билет алған Қырғызстанның 60 жастағы азаматшасы Стамбұлдан бір-ақ шыққан», - деді Д.Токтогонов.

Кейін тасымалдауды ұйымдастыру қызметі әйелдің Стамбұлдан Мәскеуге ұшуы үшін ақша жіберген. Алайда қызметтік тергеу жүргізілмей, өз жұмысын дұрыс атқармағандар жауапкершілікке де тартылмады.