LRT желісін сынақтық пайдалану аясында «Әуежай» стансасынан «Нұрлы жол» стансасына дейінгі учаскеде жылжымалы құрам мен инфрақұрылымның жоспарлы сынағы жүргізіліп жатыр.
Сынақ барысында пойыздар жобалық 80 км/сағ жылдамдыққа жетті.
Жүргізілген сынақ қозғалысты басқару, байланыс және дабыл жүйелерінің белгіленген режимде дұрыс жұмыс істейтінін растады.
Айта кетелік Астана LRT-ның жолақысы қанша болатыны белгілі болған еді.