Әуежайда 1 млн. доллардың алтын бұйымдары тәркіленді
Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Экономикалық тергеу қызметі алтын бұйымдарының ірі партиясын тәркіледі. Түрік бұйымдарының жалпы саны - 164 дана, жалпы салмағы - 28 келі 706 грамм. Аталған тауардың сомасы 1 млн 400 мың АҚШ доллары немесе 430 млн. теңгені құрап отыр", - деді М.Жұманбай.
Оның сөзіне қарағанда, контрабандалық жолмен келген алтын бұйымдары мемлекеттің пайдасына тәркіленді. Кінәлі азаматтарға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұдан бөлек, олардың мал-мүлкі тәркіленеді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері кеден саласында жүздеген заң бұзушылықтар анықталды. Мемлекет бюджетіне 4,1 млрд. теңге өндірілді.