Әуежайда гүл қорабынан 38 келі кокаин табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Богота әуежайында колумбиялық полицейлер Ресейге жөнелтілмек гүлдер салынған қораптың түбінен 38 келі кокаин тапты, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Полиция өкілінің ақпаратына қарағанда, Eldorado әуежайының жүк терминалында құпия қалтарысында есірткі жасырынған 47 гүл қорабы тәркіленген.

Құқық қорғау қызметкері жүргізген арнайы операция барысында жүк көлігінің 42 жастағы жүргізушісі Рауль Санчес пен экспорттық компанияның өкілі ретінде гүлдерді әуежайға жеткізген 32 жастағы Лейди Милена Кастро тұтқынға алынды.