Әуежайда Калашников автоматын алып өтпек болған ер адам ұсталды
03:52, 25 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Ньюарк қаласындағы әуежайда жүгінде Калашников автоматы және 70-ке жуық оғы бар ер адам ұсталды.
Полиция өкілінің айтуынша, Адам Урбано есімді Вальпараисо қаласының 32 жасар тұрғыны (Индиана штаты) құрықталған. Ол Чикагоға (Иллинойс штаты) ұшпақ болған. Жергілікті БАҚ-тың деректеріне қарағанда, Урбаноның бұл қаруға лицензиясы жоқ.
Оған қаруды және бірнеше оқты заңсыз сақтағаны үшін айып тағылды. Жақын күндері ол сот алдында жауап беретін болады.