АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысының Жарлығымен қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым «Ерлігі үшін» медалімен наградталды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған дейін Алматы әуежайында жолаушы қызметкердің шашынан тартып, көпшілік алдында пышақ кезенгені туралы жаздық.
Кейінірек Президент әуежайда қылмыскерді ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.