Әуежайда таза ауа үшін жолаушылардан салық талап етіле басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каракас әуежайы таза озондалған ауамен дем алғаны үшін жолаушылардан салық талап ете бастады.

Атап айтқанда, ішкі және халықаралық рейстердің жолаушылары тіркелу кезінде орнатылған жаңа вентиляциялық құрылғыны пайдаланғаны үшін 20 долларға жуық салықты төлеуге міндетті болып отыр. Бұл төлем шілденің басынан бері жүзеге асырылуда.

Әуежайдың сайтында Оңтүстік Америкадағы инновациялық қауіпсіздік және озондау жүйесі жайында хабарланған. Бұл жүйе ластануды жойып, ауаны озонмен толтырады екен және осы арқылы қоршаған орта мен жолаушылардың денсаулығына оңтайлы әсерін тигізеді, деп жазады Росбалт.