Әуежайда туристер өміріне қауіп төндірген аюды атып өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Камчатка өлкесі Елизовский ауданы Николаевка ауылының маңында дүйсенбі күні туристердің өміріне қауіп төндірген аюды атып өлтірді.

Бұл туралы Камчатка өлкелік орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау агенттігі хабарлады.

«Быстрая өзені жақтан келген жыртқыш «Витязь-Аэро» компаниясының әуежайында адамдарға шаппақ болған. Николаевка ауылынан шұғыл жеткен қорықшы аңды атып тастады. Адамдардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», - делінген өлкелік агенттік басшысының орынбасары Владимир Гордиенконың хабарламасында.