«10 ақпанда «Ыстанбұл-Алматы» РС-100 рейсінің жолаушыларын тіркеу кезінде Түркия азаматы туған ағасының құжатымен өтіп кетпек болған. Ол өз елінде отандық борышын өтеуден қашқан. Сол себепті оған өзінің құжатымен шығуына тыйым салынған», - деді шекара қызметінен.
Одан бөлек Ирак азаматы мен Ауғанстан азаматы шекараны жалған құжатпен бұзбақ болған. Ирак азаматы өзін Францияның азаматы ретінде тіркемек болған.
Құқық бұзушы азаматтар Алматыдан Еуропаға өтіп кеткісі келген. Бұл деректер бойынша тексеру жүріп жатыр.
14:59, 11 Ақпан 2019
Әуежайда жалған құжат көрсеткен жолаушылар шекара аса алмай қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында жалған құжатпен мемлекеттік шекарадан өтпек болған жолаушылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы халықаралық әуежайының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.