Әуежайдағы атыс үш полиция қызметкерінің өмірін қиып кетті

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Мексика астанасы - Мехико қаласының әуежайында болған атыс-шабыстың салдарынан үш полиция қызметкері қаза тапты.

Бұл туралы шетелдік БАҚ-на сілтеме жасаған Утро.ру хабарлайды.

 Журналистердің мәліметтерінше, федералдық полиция қызметкерлерінің бір тобы әуежай бөлмелерінің бірінде есірткі саудасы мен басқа қылмыстарға қатысы бар бірнеше күдіктілерді қоршады. Атыс-шабыс басталды. Әуежайда болған жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, ол қалыпты жұмыс істеуде.