— Салынған айыппұл заңды. Біз оны дәлелдедік. Барлық айыппұл қолданыстағы құқықтық актінің нормаларына сәйкес шығарылды. Алайда, біз келіспейтін прокурорлық қадағалау актісі шықты. Біз бұл акт бойынша белгіленген талаптар аясында шағымданамыз, — деп жауап берді спикер.
Еске салайық, бұған дейін Алматы прокуратурасы әуежайға салынған 122 млн теңге айыппұл заңсыз деп таныған болатын.
Атап айтқанда, Түрксіб ауданының прокуратурасы қадағалау актісін енгізіп, заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Айыппұл мен қосымша төлемдер жойылды.