Әуе саласының мамандары хабарлағандай, апат нәтижесінде төрт адам көз жұмған, тағы бесеуі жараланды. Ал Hawker Beechcraft King Air ұшағының бортында 1 ғана адам болған. Ұшуға бет алған сәтінде-ақ әуе көлігінің двигательдерінің бірі істен шыққан, ол екі қабатты ғимараттың төбесіне құлаған. Салдарынан ғимараттың бір бөлігі бұзылып қалған. Абырой болғанда, ұшқыштың өзі тірі қалған. Ұшақ Уичитодан Аризона штатындағы Мена қаласына бет алып бара жатқан. Оның двигателінің істен шығу себептері әзірге белгісіз. Айта кетейік, бұл Мид-Континент әуежайы Канзастың аса ірі әуе қызметі болып табылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
05:18, 31 Қазан 2014
Әуежайға ұшақ құлап, салдарынан 4 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қос моторлы ұшақ Американың Канзас штатындағы Уичито қаласының әуежай ғимаратына соғылған.