Әуезов ауданында ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Алматыда Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында, аудандық нашақор бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес бойынша комиссияның және кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі мен олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға Алматы қаласы Әуезов аудандық білім беру бөлімінің бастығы, Әуезов ауданы ішкі істер басқармасының бастығы, ауданның бас дәрігері мен қалалық дәрігерлік-әлеуметтік денсаулық наркологиялық орталығының өкілдері қатысып, баяндамалар жасады. Отырыс  комиссиялардың төрағасы, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтың басқаруымен өтті.

Мәжілісте қатысушылар Әуезов ауданында заң бұзушылық пен нашақорлықтың алдын алу, қылмыспен және есірткі бизнесімен  күресу туралы күн тәртібіне қойылған өзекті  мәселелерді талқылады. Отырыста олар пікір алысып, қарастырылған ұсыныстар бойынша шешім қабылдады.