Балалар интернационалист әскерлерді ерекше қуанышпен қарсы алды, оларды Қазақстанның Қарулы күштеріндегі, әсіресе десанттық әскердегі қызмет қызықтырды, ауғандықтардан жауынгерлік тапсырмалар мен ерліктері жайлы сұрап білді. Десантшылар балаларға жауынгерлік өнер бағдарламасын тарту етті. Сосын барлығы бірге «Сәлем, Астана!» және «Павлодарда» әндерін шырқады.
Балалардың әскерде қызмет өткерген, «жедел» тапсырмалар орындаған мықты да өжет сарбаздарға деген қызығушылықтары басым болды. Отанының сенімді қорғаушылары балғындарға нағыз үлгі болары сөзсіз, деп атап өтті балалар ауылының директоры Гүлбағда Кәрімова.