Ауған әскерлері тәлібтерден шегініп Тәжікстанға өтіп кеткен

Фото: None
ДУШАНБЕ. ХОВАР- ҚазАқпарат –Шілде айының 4-інен 5-іне қараған түні «Талибан» қозғалысының содырлары Тәжікстан Республикасымен шекарасындағы ұзақтығы 910 шақырымға созылған Ауғанстанстанның Бадахшан провинциясына қарасты Хохон, Шикай, Нусай, Мохимай, Шугнон және Султон Ишкашим уездерін толық басып алған. Бұл туралы ҚазАқпарат Тәжікстанның Ховар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Талибтермен қарулы қақтығыстар барысында Ауғанстан үкіметтік жасақтарының 1037 әскери қызметкері жеке құрам өмірлерін сақтап қалу мақсатында Тәжікстан Республикасы аумағындағы Ш.Шохин ауданының Шохон (104 адам), Дарваз ауданының Рузвай (213 адам) және Нулвалд (83 адам), Вандж ауданының Хумроги (173 адам), Тем ауданының Хорог қаласы (312 адам), Ишкашим (102 адам) және Ишкашим ауданының Лангар (50 адам) шекара учаскелері арқылы шегінген.

Тәжікстан Республикасы шекарашылары ізгілік пен тату көршілік принциптерін басшылыққа ала отырып, шегініп отырған ауғандық әскерилерге Тәжікстан Республикасының аумағына өтуіне рұқсат берді.

Шекарадағы жағдай Тәжікстан Республикасы шекарашыларының толық бақылауына алынды.

Еске сала кетсек, кеше Тәжікстан Ауғанстан Республикасымен шекаралық жағдайдың күрделенгені туралы мәлімдеме жасаған.


Соңғы жаңалықтар