Ауған полицейі және екі испандық қаза тапқаннан кейін жергілікті халық НАТО базасына шабуыл жасады

None
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Бадгис провинциясының НАТО базасында ауған полицейінің қайтыс болуы жергілікті жұртшылықтың ашу-ызасын туғызды, деп жазады Еуроньюс.

Оқиғадан кейін жиналған екі мыңдай адам Калай-Наудағы испан әскери базасының жанында манифестация өткізді. Базадағы ауған полицейлерін оқыту кезінде атыс болған.

Мадридтегілер, «Испанияның азаматтық гвардияшыларына алдымен ауғандықтар оқ атты, соның салдарынан екі испандық мерт болды. Аудармашы да көз жұмды. Шабуылдаушы оққа ұшты», дейді.

Бірқатарының айтуларына қарағанда, оққа ұшқан ауғандық тәліптермен байланысы бар полиция көлігінің жүргізушісі көрінеді. Ал, жиналған ауғандықтардың осы мәселеге қатысты өз көзқарастары болса керек.

Испан әскерилері орналастырылған әскери база Ауғанстанның солтүстік-батысында орын тепкен. База жанына жиналған бірнеше ауғандықтар дене жарақаттарын алды. Дәл қазіргі уақытта ауған жерінде бір жарым мыңнан астам испан офицері мен әскерилері бар. Олардың басым көпшілігі Калай-Нау базасына орналастырылған.