Ауған президенті тәліптерге үкіметтен орын ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан президенті Ашраф Ғани тәліптерге үкіметтен бірнеше орын ұсынды, деп хабарлады Би-би-си.

Атап айтқанда, тәліптерге ауыл халқы проблемаларымен, кедендік мәселелермен айналысатын ведомстволардан орын ұсынылды.

Тәліп басшылығы дереккөздерінің хабарлауынша, Ауғанстан билігінің ұсынысы елде халықаралық қарулы күштердің болуына байланысты кейінге қалдырылды. Ашраф Ғани президент болғалы үш айдан бері үкімет құрамын жасақтай алмады.