деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыста «Ауған соғысына қатысушылар туралы» заңның қабылдану қажеттілігі талқыланды. Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушкуровтың айтуынша, ардагерлер он жыл бойы осы әңгіме төңірегінде мәселе көтеріп келеді. «Қазіргі таңда Ауған ардагерлері мен мүгедектерінің мәселелерін көтеруде бізге біріге жұмыс істеу маңызды болып отыр», дейді ол.
Жиынға дейін қатысушылар Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар паркінде Ауған соғысындағы боздақтарды еске алып, гүл щоқтарын қою рәсімін өткізді.