Ауған соғысының ардагерін еске алуға арналған футбол турнирі өтуде

АСТАНА. Желтоқсанның 12-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жауынгер-интернационалист Жанайдар Жирентаевты еске түсіруге арналған шағын футболдан жарыс өтуде,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңес Одағы әскерлерінің Ауған соғысынан шығарылғанына 20 жыл толуына арналған осы спорттық шараға қаладағы әр түрлі басқармалар мен қоғамдық ұйымдардың және әскери бөлімдердің командалары қатысады.

Бұл шараны «Астана қаласындағы Ауғанстан соғысы мүгедектері және ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отыр. Аяқдоп шеберлерінің додасы қаладағы №40 орта мектептің спорт залында өтіп жатыр.

Жарыс жеңімпаздарына турнир кубогы мен дипломдар табыс етіледі.