деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шараға қатысқан «Қазақстан ардагерлері» атты Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының президенті, генерал-лейтенант, «Халық Қаһарманы» Бақытжан Ертаев, «Ауған соғысының ардагерлері жастардың патриоттық сезімін арттыруда үлгі болу керек», деген пікірін ортаға салды. Оның айтуынша, кезінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қарап өскен кешегі аға буын ұрпақтары сияқты бүгінгі жастардың да үлгі боларлық замандас батырлары болған дұрыс.
Б.Ертаев атап көрсеткеніндей, осы міндетті ауған соғысының ардагерлері толықтай орындауға күш біріктіріп отырған жайы бар.
«Осы жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығы, Батыр Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі - міне осы жылы біз жастарды ұйымдастырып, олардың еліне деген мақтанышын, ағаларға деген құрметін, елге деген ізгілігін оятуымыз қажет», деді ол.
«Патриотизм тарихы біздің ата-бабаларымыздан басталатыны сөзсіз. Біз қазір жер көлемі бойынша, әлемде 9-шы, Азияда 1-ші орын алып жатқанымыздың өзі бабаларымыздың елжандылығының белгісі емес пе?! Патриот ол - өз елін, жерін сүйетін азамат қана емес, қай лауазымда болмасын ол Отанының ісіне, қоғамдық өміріне атсалысып жрген азамат. Ол туған тілін, тарихын білуі шарт», деп атап көрсетті ол.
Отырысқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының өкілдері, С. Нұрмағамбетов атындағы Жас Ұлан республикалық мектебінің және білім беру орындарының ұстаздары мен оқушылары қатысты.