Ауғандық мигрант салмен Ла-Манш арқылы жүзіп өтпек болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның солтүстігіндегі Кале қаласында жағалау күзетінің қызметкерлері Ауғанстаннан келген заңсыз мигрантты ұстады.

Олар ер адамды ашық теңізде Ұлыбритания бағытында Ла-Манш бұғазына қарай жүзіп бара жатқан кезінде қолға түсірді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

"Ол Калеге жақын жерде Сагнатт қалашығы жағалауының маңында Блан-Не мүйісіне қарай қалқып жүзіп бара жатқан", - деп хабарлады жергілікті құтқару стансасының бастығы Бернар Баррон. Оның айтуынша, 23 жасар ауғандықты оның қарамағындағылар күндіз тауып, аман-есен жағалауға жеткізген.

Заңсыз мигрант Ұлыбританияға қолдан жасалған үшбұрышты салдың көмегімен жетуге әрекеттенген, құрылысты жасау үшін небәрі алты тақтай пайдаланған. Ал салды брезент қаппен ғана бекіткен, оны орындық ретінде де пайдаланған, ал жүзу құралының қозғалуы үшін ақ жаймадан желкен жасаған.