АИР ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 сәуірден бастап сайлауға бақылауды немесе оның барысын жариялауды жүзеге асыруды көздеген барлық саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің өтінімдерін Кабулдегі ОСК-нің сыртқы байланыстар департаментіне және орталық сайлау комиссиясының провинциялардағы бөлімшелеріне беруге болады. Үміткерлер өтінім беруге қажетті құжаттар тізімімен ОСК сайтында таныса алады.
00:24, 29 Сәуір 2013
Ауғандық ОСК президенттік сайлауға бақылаушыларды тіркеуді бастады
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Ауғандық тәуелсіз сайлау комиссиясы (орталық сайлау комиссиясы) өткізілуі 2014 жылдың 5 сәуіріне белгіленген президент сайлауына байқаушыларды тіркеу басталғанын жариялады, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.