Ауғанстан астанасында жанкешті жарылыс жасап, 7 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Қабул қаласында жанкешті көлікке қойылған бомбаны іске қосып, жарылыстан 7 адам қаза тапты, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Жарылыстан тағы да 22 адам жараланған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар бар.