Ауғанстан астанасында жарылыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні таңертең Ауғанстан астанасы Кабулде жарылыс болды.

Пажвак агенттігінің деректеріне сәйкес, ауғандық парламент қызметкерінің біріне қастандық жасалған. Зардап шеккендер жайлы мәлімет әзірге түспеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

TOLO News телеарнасы хабарлағандай, жарылғыш құрылғы Фаруки Бехишти көлігінде іске қосылған, салдарынан ол жарақат алды. Сондай-ақ оның оққағары қайтыс болғаны хабарланады.

"РИА Новости" агенттігі атап өткендей, Ауғанстандағы жағдай соңғы уақытта ушыға түскен. Елдің ауылдық жерлерінің басым бөлігін басып алған  "Талибан" радикалдық тобы  ірі қалаларға шабуылдай бастады. Сондай-ақ Ауғанстан аумағында көптеген елде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының ықпалы да артқан.