Ауғанстан аумағында жер сілкінісі тіркелді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін, 23 маусым күні, Ауғанстан аумағында таңертең Алматы уақытымен 06 сағат 27 минут 47 секундта (ал Гринвич уақыты бойынша 00 сағат 27 минут 47 секундта) жер сілкінісі тіркелді.

Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі таратты.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 844 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқандығы анықталды.

Зілзаланың энергетикалық қуаты - 10.7. Магнитудасы MPV - 4.5. Тереңдігі - 20 шақырым. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.