Ауғанстан бағытындағы транзит мәселесінде Қырғызстан тарапынан көмектің жалғасуына үміттіміз - Хамид Карзай

БІШКЕК. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Екатеринборда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің аясында Қырғызстан Президенті Құрманбек Бакиев пен Ауғанстан Президенті Хамид Карзайдың кездесуі өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қырғыз президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қырғызстан басшысы ауғандық әріптесімен болған кездесуде, Ауғанстанда тыныштық пен тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне қолдау көрсетуде республиканың әрқашанда бар күш-жігерін жұмсайтындығын хабарлады, сондай-ақ АҚШ Президенті Барак Обамадан хат келгендігін растады. Ауғанстандағы және аймақтағы жағдайды тұрақтандыруға қосқан Қырғызстанның үлесін атап көрсеткен Хамид Карзай, екі елдің аймақтағы лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы Құрама Штаттармен ынтымақтастығы нәтижелі және аса қажет екенін жеткізді. Ауған басшысы осынау күрделі проблемадағы түсіністігі үшін Қ.Бакиевке алғыс айтты және ынтымақтастықты әрі қарай арттыруға үміт білдірді. «Біз Ауғанстанға қажетті жүктерді транзиттеу мәселесінде Қырғызстан тарапынан көмектің жалғасуына үміттіміз», - деді Х.Карзай.