Ауғанстан домбырашылары Алматыда концерт береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның орталығында 5 миллионнан астам түбі түркі, хазар ұлты тірлік кешеді. Олардың ұлттық аспаптары - домбыра. 4 мамыр күні Алматыда сол ауған домбырашылары концерт өткізеді, деп хабарлады шараны үйымдастырушы «Болашақ» республикалық қозғалысы.

Кеште хазар Ауғанстан домбырашылары мен қазақ домбырашылары, эстрада жұлдыздары қатысады. Кеш Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрында өтеді.