Конституция бойынша Ауғанстанның қазіргі президенті Хамид Карзайдың үшінші мерзімге дауысқа түсуге құқығы жоқ. Бұған дейін Карзай 2014 жылы елден НАТО жауынгерлерінің әскери бөлімшелерін шығару сайлаудың бұдан кеш мерзімге ауыстырылуына соқтыратындығы туралы сөздерді жоққа шығарған болатын.
13:53, 31 Қазан 2012
Ауғанстан президентін сайлау күні белгіленді
АСТАНА. 31 қазан. ҚазАқпарат - Ауғанстан президентіне сайлау 2014 жылдың 5 сәуіріне белгіленді. Бұл туралы бүгін ұлттық сайлау комиссиясынан хабарлады.