Жекелей алғанда, олар ақпарат құралдарына Ауғанстан көшбасшысының Қытайға таяуда жасаған сапарының барысында ауған делегациясының тобы 100-ден астам адамнан тұрғанын хабарлаған болатын. Ашраф Ғани Ахмадзайдың таяуда Пәкістанға жасайтын сапарына жүзден астам ауған өкілдері қатысады.
Парламент депутаты Райхана Азад ауған делегациясы мүшелерінің көбі шетелге дүкен аралап, көңіл көтеруге шығатынын атап өтті. «Бұл сапарларға баруы маңызды адамдар ғана атсалысуы керек», - деп атап кетті депутат.
- «Пайдасы жоқ» тұлғалардың сапарға шығуы тиімді болып табылмайды, ол бюджетке жүк түсіреді, - деп санайды азаматтық белсенді Ахмад Саиди.
Ауғанстан Президенті Ашраф Ғани Ахмадзай қызметіне 2014 жылдың 29 қырүйегінде кіріскен. Өзінің ұлықтау рәсіміндегі сөзінде ол ұлттық бірліктің Үкіметі Ауғанстанның саяси және экономикалық жүйелерінің ауқымды реформаларын жүргізу үшін нақты шараларды қолға алатынын айтқан еді.
«Мен Ауғанстанның бейбітшілігі, ұлттық бірлігі, әлеуметтік әділеттілігі, мемлекеттік басқару мен экономикалық дамудағы шынайылығы үшін бар күш-жігерімді салуға уәде беремін. Барлық артық және тиімсіз жұмыс істейтін мемлекеттік органдар алдағы уақытта қысқарады», - деген ол.