Бұл туралы кандидат Кабулда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бірақ та Абдулла, «өз жақтаушыларын президенттік сайлаудың екінші кезеңіне бойкот жариялауға шақырмағанын» айтты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлап отыр.
Абдулла Абдулла сайлау комиссиясын сынға алып, «бұл комиссияның тұсында ашық сайлаудың болуы мүмкін емес екенін», сондай-ақ ауған халқының қазіргі сайлау комиссиясы жария еткен сайлаудың алғашқы кезеңінің қорытындысын қабылдамауы керек екенін айта келіп, Карзай үкіметінің заңсыз екенін, себебі оның мандаты мамыр айында аяқталғанын айтты.
Ал елдің қазіргі президенті Карзай сайлаудың екінші кезеңіне қатысады, деп мәлім етті оның сайлауалды штабының өкілі. «Сайлау жалғасуы керек деп санаймыз. Ауғанстан халқы дауыс беру құқығына ие болуы керек», деп мәлім етті Карзайдың өкілі. Оның айтуынша, Абдулланың сайлауалды науқанынан шығу туралы шешім қабылдауы «өте өкінішті» жағдай.
Бір ғана кандидат - елдің қазіргі президенті Хамид Карзайдың ғана қатысатындығына қарамастан, сайлаудың екінші кезеңі міндетті түрде өтеді, деп мәлім етті ауған сайлау комиссиясының өкілдері.