Ауғанстан Солтүстiк Қазақстаннан астық пен ұн сатып алмақ

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов ҚР-дағы Ауғанстан Төтенше және Өкілетті елшiсi Мұхаммад Фархат Азимимен кездестi, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысының баспасөз қызметініңақпараты бойынша, кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастықты талқылаған.СҚО Ауғанстан елiмен сауда-экономикалық қарым-қатынас орнатқан. Жарты жылдыңішінде облыс 13 млн долларлық 60 мың тонна өнiм жөнелттi.

«Бiздiң облыс үшiн Ауғанстан экспортбойынша басты серiктесiмiз. СҚО экспортының 28% Ауғанстанға тиесiлi. Бiзсiздерге бидай және майлы дақылдарды, ұнды және экологиялық таза өнім -биоэтанолды жеткiзуге дайынбыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Ауғанстан елшiсi мемлекеттiк қорғасолтүстікқазақстандық бидай сатып алуға дайын екенін хабарлады.

«Бiз мемлекеттiк қорды 4 жылғақамтамасыз ету үшiн солтүстiкқазақстандық бидай алуға дайынбыз. Қазiр бiздiңсұраныс жылына 1,6 млн тоннаны құрайды. Меморандум жасауға дайынбыз. Бiзсiздерге көкөнiс, жемiс-жидек және басқа да тауарларды жеткiзе аламыз», — дедiелшi Мұхаммад Фархат Азими.

Өңiр басшысы Ауғанстаннан қысқыуақытта көкөнiс жеткiзудің солтүстік өңірдің азық-түлiк қауiпсiздiгiнқамтамасыз ететінін атап өтті.


Олеся Жуковень