«Бұл жобанының мақсаты - қатысушы елдердің және аймақтағы мемлекеттердің әлемдік нарыққа шығуына жаңа мүмкіндік ашу. Жоба Еуроазия кеңістігіндегі сауда-экономикалық байланыстардың белсенділігін арттырады», делінген хабарламада.
Бұл кездесу Ауғанстан үшін маңызды болып отыр, себебі, жоба оның экономикасын жаңғыртып, аймақтағы және халықаралық инфраструктуралық жобаларға қатыусына жол ашады. Осы орайда Түркіменстан бұған дейін «Баку-Тбилиси-Карс» транспорттық жобасына қызығушылық танытқан. Осы мәселеге қатысты Ауғанстанның Сауда және өнеркәсіп министрі Мохаммед Шакер Каргар бұған дейін тамыз айында Ашхабадқа келген сапарында Түркіменстан тарапымен дәл осы мәселені талқылаған болатын, деп жазады Әзербайжандық ақпарат көзі.
Айта кетейік, ол жоба бойынша Қытайдан Орталық Азияға жүк тасымалдау үшін жаңа теміржол желісі салынады.