Ауғанстанда 29 адам қар көшкінінің құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстік-шығысында қар көшкіні салдарынан 29 адам қаза тапты. Шамамен осынша адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде, деп жазады Би-Би-Си.

Панджшер провинциясында бірнеше күннен бері қар жаууда, толассыз жауған қар жолдарды басып тастаған. Салдарынан құтқарушылар тау маңындағы зардап шеккендерге жете алмай отыр.

Жергілікті билік құтқарушылар келгенше жоғалғандарды өздері іздеуге тырысуда.