Фестиваль алты сағатқа созылды, оған Австралиядан, Өзбекстаннан, Қазақстаннан және Ауғанстаннан музыкалық топтар қатысты. Олар блюз, деф-металл, панк-рок, сондай-ақ индо-мьюзик стиліндегі композицияларды орындады. Шараны мыңға тарта адам тамашалады. Олардың көбі бұған дейін рок-музыканттардың өнерлерін жанды дауыспен тыңдап көрмеген. Фестиваль күшейтілген сақтық шаралары жағдайында өткізілді. Лаңкестік қаупімен оның дәл болатын уақыты мен өтетін жері де соңғы сәтке дейін құпия ұсталған.
07:46, 03 Қазан 2011
Ауғанстанда 30 жылда алғаш рет рок-фестиваль өтті
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Ауғанстанның астанасы - Кабулда соңғы 30 жылда тұңғыш рет рок-фестиваль өтті, деп хабарлады РБК.