Ауғанстанда 50-ден астам адам лай көшкінінің астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Бадахшан провинциясында болған көшкін салдарынан 52 адам із-түзсіз жоғалды, олардың қаза табуы да әбден мүмкін, деп хабарлайды жергілікті билік көздері.

Бұл туралы Би-би-си жазады.

Хвахан ауданы басшысының айтуынша, лай көшкінінің астында қалғандардың арасында 25 әйел мен 22 бала болған.

Бадахшанда көшкіндер жиі болып тұрады. Өткен жылдың мамыр айында бұл провинцияда көшкін салдарынан 350-ден астам адам қаза тапқан.