Ауғанстанда 50-ден астам адам жол-көлік апатының салдарынан тірідей жанып кетті

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ауғанстанда көлік пен бензовоздың соқтығысуынан 51 адам қаза тапты. 6 адам аман қалды - олар ауыр дене күйігінің жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Жол-көлік апаты Газнидің шығыс шет аймағында орын алды, деп хабарлады РБК жергілікті Khaama Press басылымына сілтеме жасай отырып.

Адамдардың басым дені өрт кезінде көз жұмды. Айта кетейік, өрт жанар-жағармайдың төгілу себебінен болды. Олар тірідей өртеніп кетті, деп мәлім етті Ауғанстан губернаторының баспасөз хатшысы Заравара Захида.

Полиция қызметкерінің алдын ала жасаған болжамы бойынша, жол-көлік апаты автобус жүргізушісінің жылдамдықты асыруымен болған.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың жаз маусымында 25 адам Ауғанстандағы басқа апаттың салдарынан ажал құшқан болатын. Қандағардан Кабулға таулы жол арқылы бара жатқан адам толы автобус 40 метр биіктіктен құлап кеткен еді.