500 келі салмақ тартатын, 218 беттен тұратын Құран кітабы жаңа рекорд орнатты. Ауғанстандық шебер Мұхаммад Сабир Хедри және оның 9 шәкірті Құранды 5 жыл бойы жасаған. Оның ұзындығы 2, 28 метрді, ені 1, 55 метрді құрады. Мұсылмандар үшін қасиетті кітапты жасауға жарты миллионнан астам қаражат жұмсалды. Құранның мәтіні алтын әріптермен жазылып, миллиондаған әдемі белгілермен көркемделген. Айта кетейік, кітаптың мұқабасына 21 қозының терісі пайдаланылды.
11:41, 18 Қаңтар 2012
Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен Құран жарық көрді
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Ауғанстанда көркемделген әлемдегі ең үлкен Құранды жасап шығарды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлады.