Ауғанстанда американдық әскери ұшақ апатқа ұшырады

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Ауғанстанның шығысында АҚШ-тың әскери ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан үш американдық қаза тапты, деп хабарлады Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігі.

АҚШ Қорғаныс министрлігі өкілінің атап өтуінше, оқиға түнгі барлау ұшырымын атқару барысында МС-12 Beechcraft ұшағымен орын алған. НАТО мәлімдемелерінде апат барысында Халықаралық қауіпсіздікке жәрдемдесу күштерінің 2 әскери қызметшісі мен келісімшарт бойынша ISAF қызметкері қаза тапқандығы айтылған.