Ауғанстанда әскерилер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан қарулы күштерінің Ми-17 тікұшағы шығыстағы Логар провинциясында апатқа ұшырады. Бұл туралы Ауғанстан қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Давлат Вазири хабарлады.

Оның айтуынша, апат салдарынан 3 әскери қаза тауып, екеуі жарақат алған. алдын ала мәліметтер бойынша, тікұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін, деп жазады ТАСС.