Ауғанстанда Ассошиэйтед Пресс агенттігінің екі журналисі ауыр жарақат алды

АСТАНА.  Тамыздың  13-і. ҚазАқпарат  - Американдық   Ассошиэйтед Пресс   агенттігінің екі  журналисі  Ауғанстанның  оңтүстігінде   жол үстіне  қойылған   жарылғыш    құрылғыға түсіп   қалып,  ауыр  жарақат алды,

деп  хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Фотограф пен   оператор,   ұлттары  испандық және индонезиялық, Қандағар  провинциясында  жолдардың  біріне   қойылған   бомбаға түсіп қалған     американдық  әскери  көліктің   кузовында   болған.     Екі  журналист    Қандағар    госпиталіне  жатқызылды,  деп  хабарлады  агенттіктің Кабулдағы бюросынан.