Ал жапа шеккендер арасында әйелдер бар. Көбісінің халі мүшкіл. Шабуылды нақты кімнің ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Негізі, қайғылы оқиға болған Фарах провинциясында «Талибан» қозғалысына қарсы әскери операция жүріп жатқан.
Содырлар күштік құрылым өкілдерінен қорғану үшін бейбіт тұрғындарды қалқан ретінде пайдаланған. Айта кеткен жөн, бұған дейін Ауғанстандағы ауылдардың біразын басып алған тәліптер соңғы уақытта ірі қалаларға да ауыз сала бастады. Оның үстіне елде бүкіл әлемге қауіп төндірген «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» ықпалы күшейген.