Ол үшін 9 мың долларға жаңа жабдық сатып алынған. Шығынды Біріккен Ұлттар Ұйымы өз мойнына алды.
Естеріңізде болса, өткен жылы «Талибан» қозғалысының мүшелері Құндыз қаласына басып кіріп, әйелдер радиостансасын қиратқан еді. Содырлар артынша мұнда от та қойған болатын. Абырой болғанда, қызметкерлердің барлығы дер кезінде сыртқы шығып үлгерген.