Ауғанстанда әйелді мерт қылған 49 ер адамның үстінен сот ісі қаралуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда әйелді мерт қылған 49 ер адамның үстінен сот ісі қаралуда, деп хабарлады www.24.kz.

Қылмыстық іс Құран кітапты өртеді деген айыппен соққыға жығылған келіншекке байланысты қозғалған. Олар Фархунда есімді әйелге өтірік жала жауып, ұрып-соғып өлтіріп, денесін өртеп жібергенге ұқсайды. Әлем халқының жағасын ұстатқан оқиға наурыз айының соңында Ауғанстан астанасында болған еді. Сот алдында жауап беріп жатқан адамдардың арасында 19 полиция қызметкері де бар.

«Бір топ адам әлгі келіншекті ұрып-соғып жатыр екен. Сосын мен де қарап тұрмай, қолыма тас алдым да басынан қойып қалдым. Қазір сол әрекетім үшін өкінемін», - дейді айыпталушының бірі Якуб Хан.