«Кеше Баку уақытымен сағат 18.30 шамасында Двайер әуежайынан ұшып шыққан жүк ұшағы авиациялық оқиғаға ұшырады», делінген хабарламада.
Жалға алынған ұшақты интернационалды экипаж басқарды. Оның құрамында Өзбекстан азаматы (капитан), Украинаның үш азаматы және Әзербайжанның бес азаматы бар.
Әзербайжан Азаматтық авиациясы мемлекеттік әкімшілігі оқиғаны тергеу бойынша комиссия құрды. Қазір, 19 мамырда комиссия мүшелері оқиға орнына шығып, оның себебін білу үшін Ауғанстан Авиация басшылығымен келіссөздер жүргізуде.
Алдын ала болжам бойынша, Ан-12 жүк ұшағы экипажының 7 мүшесі қаза тапты. Экипаж мүшелерінің туыстары айтқандай, екі адам аман қалуы мүмкін. Алдын ала алынған мәлімет бойынша, украиналықтар ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Еске сала кетейік, бұл Ауғанстанда құлаған екінші әзербайжандық ұшақ.